Құрбан айтқа дайындық
Алматы облысында қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары қызу. Өңірде құрбандық шалу рәсімін өткізу үшін ресми түрде 29 арнайы алаң белгіленді. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, бұл орындардың барлығы ветеринарлық тексеруден өтіп, санитарлық талаптарға толықтай сай деп танылған. Белгіленбеген орындарда мал саудалау мен сою өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ушықтырып, ветеринарлық нормалардың бұзылуына және тұрғындардың наразылығына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, мереке күндері бақылау шаралары барынша күшейтілмек. Тәртіп пен тазалықтың сақталуын полиция қызметкерлері, ветеринарлық инспекция және жергілікті әкімдік өкілдері жіті қадағалайтын болады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, 26 мамыр Арапа күні, ал 27 мамыр қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Құрбандық шалу рәсімін 27 мамыр күні айт намазы оқылғаннан кейін бастап, 29 мамырдың кешіне дейін орындауға рұқсат етілген. Алматы облысының барлық мешіттерінде мерекелік айт намазы таңғы сағат 06:00-де басталады.
МАДИЯР ПІРІМҚҰЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
Өзінің күн көрісінен артық қаражаты бар адам, ол құрбан шалу міндетті болып табылады. Онлайн құрбандықтың, қойдың бағасы 120 000, сиырдың бағасы 805 000, ал енді ешкінің бағасы 70 000 теңге. Биылғы енді құрбан айттың ерекшелігі жалпы ұлттық нақышта, мешіттердің айналасында... ауласында жаңағы киіз үйлерді тігіп, ұлттық ойындарды насихаттап одан кейін жаңағыдай жас жеткіншектерге егер жаңағыдай қажеттіліктер болатын болса, соларға мынау «құрбан айт ұлық мереке» атты іс шаралар ұйымдастырылады.