Ата ана мен ұстаздарының үмітін ақтағандар

Білімділер мен таланттылар төрге озған күн. Іле ауданы орталығында «Іле дарыны» оқушылар форумы өтті. Салтанатты шарада білім мен ғылым, өнер мен спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен дарынды оқушылар марапатталып, ұстаздары мен ата-аналарының еңбегін насихатлды. Тақырыпты кеңірек тілшіміз толықтырады. 

ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«9-11 сынып арасында ауыл мектептерінің жалпы білім беретін пәндер олимпиядасында ауданымыз облыс бойынша командалық есепте бірінші орынды иеленіп, абсолютті чемпион атанды»


Аудан әкімі өңірдегі 43 мектепте білім алатын 60 мыңнан аса шәкірттің жалпы беталысын айта келіп, айтулы сайыстардағы оқушылар жетісітігін де тілге тиек етті. Жылы лебізін арнады. Артынша қатарынан қара үзіп, ортасынан оза шапқан озаттарды марапттады.


ЕРНҰР ТАШМАХАМБЕТ
ОҚУШЫ
«Мен ауыл олимпиядасының барлық кезеңдеріне қатысып, республикалық кезеңнен екінші орын алып, құқық негіздері пәні бойынша өзімнің жобамды қорғап, екінші орын иегері атандым. Жәнеде болашақта универде де осы құқық негіздері бойынша біліктілігімді көтерем деген ойдамын»


НАЗЕРКЕ ДӘРКЕНБАЕВА
ОҚУШЫ
«Мен бірінші сыныптан бастап қазақ тілі, ағылшын тілі физика математикадан деген пәндерден қатыса бастадым. 2025 жылы философия және сынни ойлау бойынша республикадан екінші орын алдым. Ал 2026 жылы оны тағы жан жақты зерттеп республикадан бірінші орын иеледім»


Форум аясында республикалық, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен дарынды оқушылармен қатар ата-аналарға да аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. 


ҚАЛАМҚАС СӘРСЕНБАЕВА 
ІЛЕ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі форумда 320 баланы марапаттап жатырмыз. Бұлар халқарпалық және республикалық олимпиядаларда жетістікке жеткен балалар. Ал облыстық және аудандық деңгейдегі жетістігі бар балаларға бұдан бөлек марапаттау жұмыстары жүргізіледі»


Шәкірттің жетістігі ұстаздың бағы. Ата-ананың мақтанышы. Аудан ұстаздары алдағы оқу жылында озат оқушы санын еселеуге бар күшімізді саламыз деді.

Сондай-ақ оқыңыз: