Медеудегі мәнді сәт
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алатау аңғарындағы «Медеу» спорт кешенінде де салтанатты жиын өтті. Тау шатқалына жиналған Алматы жұрты көк тудың көте желбірегенін, тамсана тамашалады.
Салтанатты шарада басында әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен әнұран асқақтай шырқалып, көк ту көкке көтерілді. Бабалар аңсағын еркіндіктің симолы көкте желбіреген осынау әсерлі сәтті бір жарым мыңнан аса адам тік тұрып тамашалады.
ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біз Медеуде ресми ту көтеру рәсімін өткіздік. Қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – патриоттық рухты тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер, өздеріңіз білетіндей, ел мемлекеттілігінің мызғымас іргетасы. Сондықтан оларды мадақтап, дәріптеу қашанда өте мағыналы.
Ел рухы көкке шығандаған салтанатты шараға ерекше ықыласпен қатысқан жастардың белсенділігі айрықша көзге түсті. Жалынды буынның нұрлы жанарларында от ойнып, өз еліне деген шексіз сүйіспеншілігі менмұндалап тұрды.
СНХ: АМАНЖОЛ ҚОЙШЫБАЙ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ
/Мен патриоттық рухты көтеру үшін мұндай шаралардың маңызы зор деп есептеймін. Олар әсіресе жастарға тәрбиелік мәні зор. Туымыз – мемлекет тәуелсіздігін, көк аспан – бейбіт аспанды, ал қыран – еркіндікті бейнелейді./
Мерекелік шара бұдан ары өнер жұлдыздарының қатысуымен Көк-Төбеде жалғасып, патриоттық әндермен әдіптелді.