ЕТ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Райымбек ауданында ет өніміне деген сұраныс артып келеді. Сәйкесінше ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы түрлі жобалар қолдау тауып, кәсіпкерлікке ден қоятындар саны артты. Әсіресе мал мен құс шаруашылығы кешендерінің құрлысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа жобалар жайлы толығырақ келесі бейнематериялда.
Өңірде бой көтергелі отырған жаңа кешенде төрт түлік жыл бойы бордақыланбақ. Өндіріс көлемін арттыруға бағытталған жобаны жергілікті кәсіпкер қолға алған. Бастама толықтай жүзеге асса аймақтағы қайта өңдеу кәсіпорындары жандана түспек. Тиісінше сиыр және қой етіне деген сұраныс бұрын соңды болмаған деңгейде артады деп күтіліп отыр.
МАДИ САТЫМБАЕВ
КӘСІПКЕР
«Пока өз қаражатымызбен салып жатырмыз бұны, бізде мемлекеттік бағдаламамен осы мың бастан жоғары қарай деген соң пока дайындап осыны салып құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Осы жерде бұйыртса 1000 бастық төрт қора түседі, ал арғысы ірі қара болады, ол 500 жүз бастық түседі.
4000 қой болады бұйыртса, 500 бас ірі қара болады»
Алыстағы ағайын диеталық ет өнімдеріне де басымдық бере бастаған. Мәселен, Кеген ауылындағы құс өсіру кешені осы бастаманы қолға алып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 27 миллион теңге қолдау алған. Бұл қаражатқа фабрика салып, сапалы ет пен жұмыртқа беретін құс санын арттырды. «Басты мақсат табиғи таза өніммен қос ауданды қамтамасыз ету»-дейді мамандар.
ДИДАР ТӨПЕЙ
КӘСІПКЕР
«25 жылдан бастап жұмыс жасап келеді, Райымбек ауданын, Кеген ауданын етпен, тауық етімен, тауық жұмытқасымен қамтамасыз етудеміз. Көлемі қазір туатын тауық 3000 бас күнделікті туып жатыр жұмыртқа. Ал жаңағы ет бағытындағы 45 күнде дайын болады жаңағы әр 45 күн сайын ет, 45 күннен кейін сойылады, солай жіберіп жатырмыз. Бір тауық еттің тауығы 3-3,5 килограмға дейін өсіреміз.»
Осындай әртараптанған фермерлік шаруашылықтардың дамуы шалғай өңірдегі азық-түлік тапшылығы мәселесін шешуге септесіп, өнім көлемін арттырады. Ең бастысы әкімдік өкілдері жеке кәсіп ашып, табыс табам дегендерге мемлекеттік қолдау үзілмейді деп отыр.