Заңды білу маңызды
Заңға құрмет – қоғам тұрақтылығының кепілі. Осы мақсатта Райымбек аудандық Тіл оқу-әдістемелік орталығы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастармен танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат алды. Кездесуге құқық қорғау саласының мамандары қатысып, жастар арасында жиі кездесетін мәселелер, интернет алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Шара барысында қатысушылар арасында құқықтық сауаттылыққа арналған викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқан жастар марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
ЕРҰЛАН ОКТЯБРЬ РАЙЫМБЕК АПБ ҚҚБ ЮПТ ИНСПЕКТОРЫ
“Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым «Заң мен Тәртіп» қағидаты әділетті қоғам құрудың басты негізі екенін атап келеді. Сондықтан жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.”