Орындалмаған уағда
Қонаев қаласындағы Арна, Қарлығаш және нөмірі 12 шағын аудан тұрғындары биыл қыста да газ келмей ме деп алаңдаулы. Үш жылдан бері әкімдіктің «әне міне жеткіземіз» деген құр уағдасына нанған жұрттың шыдамы таусылыпты. Қала бойынша 20 шағын ауданның сегізі ғана көгілдір отынға толық қосылған. Ал қалған аймақтар әлі күнге дейін көмір жағып, күл шығаруға мәжбүр. Желілік инфрақұрылымның жай-күйін тілшіміз Жадыра Қуанышбек зерттеп көрді.
Қазір бұл аймақтарда халық күннің суытқанынан емес, электр жарығы өшіп қалса, жылу қазандықтарының жарылуынан сескенеді. Жарық өшсе насостар тоқтап, пештердің істен шығуы жиілеген. Тұрғындар әкімдік табалдырығын тоздырғанымен, еш нәтиже шығар емес. Тіпті уәде етілген қыркүйек айында да газдың келуіне күмәнмен қарайды.
АСҚАРБЕК ТІЛЕУБАЙ
«АРНА» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Үшінші жыл салынғалы жатыр бұл жоба, газымыз жоқ әлі де. Мына частный үйлерге уже өткізген, мына жақтағылар қурап отыр әлі. Трубалар өткен жоқ, аркалары салынған жоқ, ештеңе... "Жұмыс жасап жатырмыз" дейді, бірақ адам көрінбейді. Үшінші жыл мына пешпен отырмыз, көмір жағамыз. Свет өшіп қалады, сол кезде пешті де өшіреді, насостар істемей қалады. "Пеш жарылып кете ме" деп қорқамыз. Нәтижесі жоқ әлі, ештеңе... Жаз өтіп бара жатыр. "Қыркүйекте тапсырамыз" дейді, мына түрімен қалай тапсырады? Қыста тағы да газсыз боламыз ба деп ойлаймын.
Табиғи газдың жоқтығынан жұрт үйлеріне газ баллондарын қойып, амалдап отыр. Көршілес демалыс орнына жеке желі тартылып, көгілдір отын берілгенімен, қарапайым халық ол құбырға қосыла алмайды. Табиғи газдың жоқтығынан жұрт үйлеріне газ баллондарын қойып, амалдап отыр. Көршілес демалыс орнына жеке желі тартылып, көгілдір отын берілгенімен, қарапайым халық ол құбырға қосыла алмайды.
Мамандардың мәліметінше, қазір бес бірдей шағын ауданды қамтитын ірі жобаның 85 пайызы аяқталған. Төрт ауданда жұмыс біткен бойда, барлық күш осы Арнаға жұмылдырылмақ. Бұдан бөлек, келер жылы №10 шағын ауданды газдандыру жобасы әзірленеді. Ал саяжайлар мәселесі қала әкімдігінен арнайы ұсыныс түссе ғана қарастырылады. Жауаптылар Арнадағы жұмысты тездету үшін қосымша күш тартылып, құрылыс биыл толық аяқталады деп отыр.
ЕРНАР ЕСБОЛАТ
АРНА ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
біз енді өзіміз природный газбен қолдана алмай, жиженный дейді ғой, баллонмен қолданып жүрміз. Бала-шағаны тоже енді қалдырып кетудің өзі қорқыныш, уайым болады ол. Ал, жаңағы қыста да енді қаншама бір-екі жағдайды естідік, үй өртенген осы микрорайонда. Соны енді тездетіп қолға алып, осы қыркүйекке шейін реттеп тастаса жақсы болар еді. АСП-тың несі тұр, линиясы тұр. Ол бөлек өз мекеме, өздеріне бөлек тартып алды. Ойлағанымда халықтың бәрі осыған тарта ма десем, олардан "рұқсат жоқ" дейді. Енді сол үшін тездетіп өзімізге бөлек тартса екен
МАРАТ АЛИМОЛДИН
АРНА ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
микрорайон Арнадан бүкіл АСП-ның жолы біз арқылы жүреді де. Анау күні, жақында бір үлкен концерт болды, осында пробка деген, екі-үш шақырым жерде пробка болды. Ешқандай знак жоқ мына жерде, ешқандай пешеходный, балалар өтетін не жоқ. СКЛ Бұл жолды басқаша... басқа жаққа салып, басқа жақты... кішкене қарастыруға болады ғой. Бүкіл мына жерде бала-шаға жүреді. Мына жолдың бәрінде ешқандай знактар қойылмаған. Спортивный площадка салған, оның арт жағын жақсылап қоршайтын... қоршалмаған. бала-шағаның ол жағынан кішкене қауіп төнетін жағдайлар болады.
Ал Қарлығаш шағын ауданының тұрғындарына биыл газ бұйырмайтын түрі бар. Ол жақта құрылыс жұмыстары өткен жылы аяқталғанымен, Қонаев қаласының бекітілген бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы болмаған. Салдарынан құжаттар мемлекеттік сараптамадан кері қайтарылыпты. Басқарма бұл мәселелер шешілген соң ғана құрылыс-монтаж жұмыстары қайта басталады деп отыр. Қалай болғанда да, ел жұрт биылғы қыстан қысылмай шығуды ғана сұрайды.
АЗАМАТ ЖҰМАДІЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Арна және 12А, 12Б шағын аудандарына келетін болсақ, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Аталған шағын аудандардың құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың шілде айында басталған болатын. Қазіргі таңда нысанда 8 жұмысшы жұмыстарын атқарып жатыр. 22 маусымнан бастап тағы да бір бригада, яғни 12 адам қосылады. Жалпы жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы. Яғни аталған үш шағын ауданның тұрғындары биыл жылыту маусымына дейін толыққанды газбен қамтылатын болады.