Жапондардың жомарттығы

Жапондардың  жомарттығы. Еңбекшіқазақ  аудандық ауруханасына 32 дана портативті анализатор сыйға тартылды. Бұл құрылғылар қант диабеті мен созылмалы бүйрек ауруларын алдын ала анықтауға септеседі. Ал жалпы құны 16 жарым миллион теңгенің қайтарымсыз көмегі қандай жоба аясында жүзеге асты? Әріптесім Құрманжан Қасымжанұлы баяндайды! 


Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «Шөп тамыры» - қайтарымсыз көмек жобасын жүзеге асырып келеді. Осы бастама аясындағы кезекті қолдау –  игі жобаның нақты  көрінісі.Жыл басында аудан дәрігерлері конкурсқа қатысқан еді. Нәтижесінде, ұсыныс берген 60 медициналық ұйым ішінен дәл осы аурухананың қажеттілігі басым деп танылды. Ауруханаға қажетті медициналық құралдарды  Жапония елшісі  өзі келіп табыстады.


ЯСУМАСА ИИДЖИМА
ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
«Мақсатымыз Жапония мен Қазақстан  арасындағы мызғымас достықты нығайта отырып, адам қауіпсіздігін қамтамассыз ету. Біз білім саласы мен өкіметтік емес ұйымдарға шынайы қажеттілік туындаған жағдайда көмек қолын созып, қомақты қаржы бөліп келеміз. Бұл жоба әлі де жалғасады»

Жалпы ауданда қант диабетімен ауыратындар саны 3 мыңнан асса созылмалы бүйрек дерті бар науқстар саны 12 мың адам. Ал сондай науқастарды ауылды жерден ақ ерте анықтап, жедел ем қолданса сауығу көрсеткіші жоғары болмақ. Дәрігерлер осы құрылғы көмегімен сол мақсатқа жақындай түстік дейді.  

ГҮЛМИРА ОТЫНБЕКОВА
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Қазіргі жаңағы бүйрек аурулары, қант диябеттері бар. Сол аурулар терминалды стадияға айналып кетпеуі үшін, қан құрамындағы кратинелді ерте анықтайтын апапарат. Бұның көмегі өтке үлкен. Себебі қазір бізде инфекциялық емес созылмалы аурулар әсіресе осы ковиттан соң асқынулар көп. Соны асқындырмауға осы құрылғыоар көп септігін тигізеді"

Жапон өкіметі Қазақстанда 1997 жылдан бері «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында 122 жобаға қатысып, жалпы құны 8 милион 300 мың АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз көмек көрсеткен. 

Сондай-ақ оқыңыз: