Сайлауға дайындық
23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырып, өткізуге бойынша дайындық жұмыстарын бастады.Алматы облысында дауыс беру процесін өткізу үшін 683 сайлау учаскесі әзірленді. Олардың қатарында әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және азаматтардың уақытша болатын өзге де орындарындағы учаскелер бар.