Жаңа кезең
«Жаңа Конституция -жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» дейді ақпараттық-танымдық іс-шараға қатысқан жастар.
Облыс орталығында өткен басқосуда заңда көрініс тапқан негізгі реформалар мен әділетті қоғам құру жолындағы өзгерістер айтылды. Тұрғындар Ата заңның ел дамуындағы рөлі туралы пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, жағажайда арнайы тілек алаңы ұйымдастырылды. Онда қала тұрғындары еліміздің болашағы мен бірлігіне арналған ақжарма тілектерін жазды.
СЕРІК НҰРҚАДЫРОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Бұл шараның мақсаты -енді бұл тарихи сәтті атап өту, халыққа кеңінен насихаттау, жастарға деген бүгінгі бұл Конституцияның, жаңа Конституцияның беретін мүмкіндіктерін айтып түсіндіру. Сондықтан, бұның берері мол. Бүгін енді тарихи күн болғаннан кейін, осы Алматы облысында жастарымызбен бірге отырып, орта буын бар, үлкен буын бар, осы жаңа Конституцияның күшіне енуіне, заңдық күшіне енуіне байланысты жасалып жатқан іс-шара
ӘДІЛЕТ АЙТҚАЗЫ
«ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз өзіміз "Әділетті жастар" болып, жалпы осы жаңа Конституцияның шынымен де әдемі, мықты жазылған Конституцияның бірі -бұл жастарға арналған, осы халыққа, елге арналған және де осы «заң мен тәртіп» қағидаты аясында әділетті және де прогрессивті Қазақстанды бірге құратындай үлкен бір өзгерістердің осы бастауы екенін бүгін атап өтуге болады