Инвесторларға қолдау
Бүгін Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді.
Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын жаңа талаптарға бейімдеу басты міндет екенін атап өтті. Былтыр экономика 6,5 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім көлемі 300 миллиард доллардан асты. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азиядағы инвестиция тарту бойынша көшбасшылық орнын сақтап келеді. Елге тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 150 миллиард доллардан асты. Президент инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалады деді. Осы мақсатта «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.