2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді!

Қазақстан Республикасының Құрылтайы — заң шығару билігін жүзеге асыратын елдің жоғары өкілді органы. Оның құрамына 5 жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді. Депутаттар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Құрылтай депутаты болып 25 жасқа толған және соңғы 10 жыл бойы Қазақстан аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Партиялық тізімдегі әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі кемінде 30% болуы тиіс. Жаңару үшін дауыс бер!

Сондай-ақ оқыңыз: