Әр дауыс – ел болашағына қосқан үлес
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар мен сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ. Дауыс беру күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын азаматтар, сондай-ақ басқа қалада оқитын студенттер, іссапарда жүрген азаматтар және өзге де сайлаушылар уақытша болатын жері бойынша дауыс бере алады.