Елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру басталды

Бүгін Елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру басталды. Облысымызда таңғы сағат жетіден бастап бір мезетте 683 сайлау учаскесі есігін ашты. Жалпы  аймақта дауыс берушелір саны 1 млн.43 мың 987 адам.  

Көктемдегі жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, еліміз тарихи жаңа белеске келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кешегі үндеуінде, «Құрылтай әралуан көзқарастар тоғысып, ел жаңғыруына тың серпін беретін алаң болуға тиіс», деген еді. Бүгін Жаңа Құрылтайға дауыс беру науқаны Қонаев қаласында да белсенді басталды. Біз Орталық Мәдениет үйінде орналасқан нөмірі 949 сайлау учаскесіндеміз. Таңғы сағат 7:00-ден бері мұнда тұрғындар ағыны үздіксіз көбейіп келеді. Сайлаушылар арасында ақсақалдар мен әртүрлі этнос өкілдері, әсіресе жастардың белсенділігі қуантарлық. Бүгін қала бойынша 18 жасқа толған 639 азамат алғаш рет таңдау жасауда. Солардың бірі  Чайковский атындағы музыкалық колледж студенті Аяжан Ізбасар.

Бүгін бұл учаскеде отандық байқаушылар да үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Олардың мәліметінше, дауыс беру процесі толығымен ашық әрі заңға сай өтуде.  .Айта кетейік, бүгін Қонаев қаласында 31 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындар үшін қала бойынша автобуспен қатынау толықтай тегін. 

Сондай-ақ оқыңыз: