Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 21 отбасы баспаналы болды

Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 21 отбасы баспаналы болды. Пәтер кілті көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және ерекше қажеттілігі жандарға табысталды.

14 жыл күткен баспанасына қолы жеткен аудан тұрғындарының бірі Гүлмира Құдайбергенова. Алты баланы жалғыз өзі асырап бағып отырған батыр ана бұған дейін жалдамалы пәтерлерде көшіп қонып күн көрген. Жылдар бойы асыға күткен үй кезегі келді деген жаңалықты естігенде сенер сенбесімді білмеді дейді. 

ГҮЛМИРА ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«5 ұл 1 қызым бар. Барлығы мектепте оқиды. Біреуі балабақшада. Бір балам үйден оқиды ерекше болғандықтан. Олардың барлығы қуанып жақсы болды ғой деп сонымен қуанышымызбен бөлісіп отырмыз осы жердегі барлық тұрғындармен, жаңа қоныстанып жатқан адамдармен. Өте қатты қуанышты көңіл күйдеміз»

Талғар ауданында 10 мыңға жуық тұрғын үй кезегіне тіркелген. Соңғы екі жылда 500 ге жуық пәтер сатып алынып, биылдың өзінде 250 баспана өз илеріне тапсырылған. Жаңа қонысына кіріп, қуанған жұртты Өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтап, азаматтардың әлеуметтік әлеуетін көтеретін мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Осы жергілікті атқарушы органдарға мемлекет басшымыз мүмкіндік берді. Үйді өзіміз салмай дайын үйді сатып алуға. Бүгін осы жұмыстардың орындалуының жақсы бір көрінісі болып тұр. Барлықтарыңызға қоныс құтты болсын, берекелі мерекелі болсын. Жаңадан бір-біріңізді көрші ретінде тауып жатсыздар. Жақсы тату, үлгілі аула болады деп ойлаймыз.»

Алматы облысында үй кезегінде тұрған 75 мыңға жуық тұрғын бар. Былтыр бұл кезеті жылдам жылжыту мақсатында 3000 нан астам пәтер сатып алынып, оның 2600 ге жуығы өз иелерінің меншігіне тапсырылған. Бұдан бөлек жыл соңына дейін өңірде тағы 645 баспана кілті беріледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: