Алматы облысында, Құрылтай депутаттарын сайлау қызу әрі ерекше сипатта өтіп жатыр
Алматы облысында, Құрылтай депутаттарын сайлау қызу әрі ерекше сипатта өтіп жатыр. Бұл – елдің ертеңіне қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси науқан. Сондықтан әрбір азаматтың таңдауы – қоғамның келешегіне қосылған үлес. Облыс орталығындағы сайлау күні де қызықты сәттермен есте қалатыны анық.
ПЕТР БОРОДИН
«SOKOL RACING TEAM» КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Мен өз азаматтық ұстанымымды білдіріп, дауыс беруге келдім. Бұл біздің борышымыз. Еліміздің, отбасымның және балаларымның болашағы үшін өте маңызды»
Облыс көлемінде бүгінгі саяси науқанды ерекше атап өтіп жатқандар жетерлік. Мәселен, Қарасай ауданында Карповтар отбасы сайлау учаскесіне әуе шармен ұшып келген. Отағасы мұны балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ұйымдастырғанын айтады. Сондай-ақ, әр ауданнан да осындай түрлі ерекше жаңалықтар келіп түсуде. Жаңа ғана осы біз тұрған нөмірі 949 учаскеге аты әлемге әйгілі UFC жауынгері Шавкат Рахмонов келіп, өзінің таңдауын жасады. Сонымен қатар, бұл саяси додада әдебиетшілер де белсенді. Солардың бірі, белгілі ақын Бақыт Беделхан.
Мінекей, құрметті көрермен! Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны да ақырындап мәресіне жақындап келеді. Еске сала кетейік, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлаушылардың қолайлығы үшін өңір бойынша қоғамдық көлікпен қатынау толықтай тегін ұйымдастырылған.