Қонаевта «Ziyatker» облыстық дебат форумы аяқталды
Қонаевта «Ziyatker» облыстық дебат форумы аяқталды. Оған Алматы облысының әр өңірінен 80-ге жуық мектеп оқушысы жиналды. Жастар заң мен тәртіп, экология, кітап оқу сияқты түрлі тақырыптарда сөз таластырды. Мұнда ең бастысы - өз ойыңды жеткізіп қана қоймай, қарсыласыңды да тыңдай білу болды. Тартысты өткен ойындардан кейін ең мықты деген командалар финалға шықты. Өзге өңірден келген жастар үшін бұл тек сайыс емес, жақсы демалыс та болды. Оқушылар «Тұлпар» ретро-салонын аралап, қаланың тарихи жерлерін көрді. Ал тартысты өткен финалда Еңбекшіқазақ ауданының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын Қонаевтың командасына бұйырса, үздік үштікті Жамбыл ауданы түйіндеді.
ДИНА ҚҰРМАНҒАЗЫҚЫЗЫ
ДЕБАТҚА ҚАТЫСУШЫ
«Форум өте көңілді өтті. Дебатшылар үшін мұндай атмосфера өте маңызды. Сабақ басталмай тұрып, демалыстың соңғы күндерін осылай өткізгеніміз керемет болды. Жастарды қолдап, осындай шара ұйымдастырған кісілерге үлкен рақмет. Бұл менің алғашқы қатысуым, өте қуаныштымын".