Ғылыми қолдау

Аграрлық салада маман тапшы. Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер кәсіптік колледжінде Бақ күні өтті. Шара мақсаты – ғылым, кәсіп пен агарарлық саланы бір арнағы тоғыстыру. Іс-шарада арнайы көрме ұйымдастырылып, ғалымдар мен кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырды.Іс-шараны Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырды.  Көрмеде  еліміздегі ірі селекциялық, ғылыми және білім беру ұйымдарының еңбектері мен өнімдері көрсетілді. Олардың қатарында Өсімдіктерді қорғау және карантин институтының жетістіктері де бар.  

ЖАННА ИСИНА 
Ж. ЖИЕМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИН ҒЗИ МАМАНЫ 
«Біз негізі бау-бақшаны түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауға арналған биологиялық препараттар әзірлейміз. Мысалы, жеміс ағаштарына қауіпті бактериялық күйікке қарсы препараттар бар. Сондай-ақ Бациллус субтилис пен турингиенсис негізінде жасалған биопрепараттарды әзірлеп жатырмыз..»

Бау-бақша және жүзім шаруашылығын дамыту үшін жаңа сорттар мен технологияларды жасау  жеткіліксіз.Басқосуда жеміс-жидектің жаңа түрлерін шығару бастамиасы айтылды. Ғалымдар сапалы өнім өсіріп, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану сынды мәселелерді  көтерді. 


ТЕМІРЖАН АЙТБАЕВ 
ҚР ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ
«Еңбекшіқазақ ауданы – жеміс бақтарының ең көп орналасқан, шоғырланған Алматы облысы бойынша. Басқа аудандарға қарағанда осы Еңбекшіқазақ ауданында жеміс шаруашылығы жақсы дамыған. Одан кейін шаруақожалықтары да көп. Фермерлерді жинап қандай биопессициттерді қолдануға болады, қандай тыңайтқыштар қолдануға болады. Соны көрсетіп жатырмыз. Сонымен қатар біздің институт Оңт. Кореядан, Ресейден келген, Түркиядан келген әртүрлі жақтан келген мысалы елімізде де бар ғой. Соларды көрсетіп таныстырып жатырмыз.» 


Жиынның басты тақырыбы – аграрлық салада маманның тапшылығы, жастардың ғылымға деген көзқарасының енжарлығы. «Сондықтан  саладағы сабақтастыққа айрықша мән беріп,  жастар санасына сіңіруіміз керек» дейді мамандар.


 МАКСИМ СУТУЛА 
«ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ»  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
АУДАРМА «Биыл біз Қазақстан бойынша колледждермен маңызды меморандумға қол қойдық. Мақсат - кадр мәселесіне назар аударып, аграрлық мамандықтар бойынша білікті кадрларды бірлесіп даярлау»

Ғылымның іске, істің кәсіпке ұласуы - еңбектің нәтижеге айналуының көрінісі. Бұл отандық агросаланың дамуына серпін.

Сондай-ақ оқыңыз: