Таза жағалау

Өңірімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл жолғы науқан «Таза жағалау» атауымен өттіп, бір күнде 25 мыңнан астам адам су айдындарының жағасын қоқыстан тазартты.  Нәтижесінде 600 тоннадан астам қалдық шығарылып, қайта өңдеуге жіберілді. Бүгінгі игі шараға Қонаев қаласының тұрғындары да белсенді атсалысты. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 30 ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, оған 680 мың тұрғын қатысқан. Табиғатты қорғау жұмысы тек бір күндік науқанмен шектелмейді. Өңірде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытында маңызды жобалар бар.


БАҚЫТЖАН МОЛДАХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу заводтарын әкеліп, соны орнатуға ықпал жасап жатыр. Инвесторлар келіп жатыр, бұйырса жер бөлініп жатыр, сол жерге орналастырып, осы ағаштардың жаңағы күзгі, көктемгі обрескаларының бәрін өңдеу үшін, одан да басқа шикізаттар шығару үшін жағдай жасап жатыр. Қазіргі таңда бір екі жоба бар. Оның қазір бір сараптамадан өткеннен кейін, оны халқыққа тағы да жариялаймыз, қай жерде орналастыру, қай жерде болады бұл»

Сондай-ақ оқыңыз: