Әскер қатары толықты

Күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Биыл облыс бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы 1905 жігіт мерзімді әскери қызметке аттанады. Олар Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық ұлан қатарын толықтырмақ.  Осы жолы облыстық әскери жиын орнына жиырмадан астам болашақ сарбаз барып, медициналық тексеруден өттті. Олар алдағы бір-екі күнде әскери бөлімдерге бет алады. Биылғы науқанның басты ерекшелігі саланың цифрлық жүйеге көшуі. Әрбір шақыру орталығында «E-Medteksеру» ақпараттық жүйесі  жұмыс істеп тұр. Бұл бұрынғы қағазбастылықтан толық арылуға жол ашты. Азаматтардың  денсаулық жағдайы электронды базаға енгізіліп, медициналық деректерді жүйеленеді. Күзгі шақырылым 1 қыргүек пен 30 желтоқсан аралығында өтеді. 


МҰХТАР АЙТҚАЗИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРГЕ ЖІБЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қазақстан Республикасының шекара қызметіне қазіргі таңда іріктеу жүргізіліп жатыр. Ол жерде біз шақырылушының полиграфиялық және психологиялық тесттерден өтеді. Және де балалар, ауданнан және де облыстық медициналық сараптамадан өтуде. Қазіргі балалардың жағдайы, денсаулықтары жақсы.

Сондай-ақ оқыңыз: