Егін орағы
Биыл облыс бойынша 440 мың гектар жер егістікке бөлінген. Бүгінде өңірде 90 мың тонна бидай мен 155 мың тонна арпа жиналып, қамбаға құйылды. Іле ауданында биыл егіс алқабының көлемі 53 мың гектардан асады. Шаруалар үшін жиын-терім науқанының маңызы зор. Өйткені жиналған өнімнің бір бөлігі мал азығына жұмсалады. Мысалы «Ризық Агро» қожалығында 3 мыңнан астам мал бар. Сондықтан шаруашылық төрт түліктің азығын өзі қамтамасыз етіп, жүгері, жоңышқа, мен арпа- бидай өсіреді. Өнімділікті арттыру үшін заманауи технологиялар мен озық техникалар жүйелі қолданылады.
ЕРКЕҒАЛИ ЖҮНІСОВ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Күздік және жаздық арпаларымыз біздің 5591 гектар, жүгеріміз өздеріңіз көріп отырғандай бұл бізде 3972 гектар. Бізде малдың азықтарына 28 126 гектар жеріміз. Биылғы жылы толықтай 53 мың гектарымыз бәрі игеріліп отыр. Бос жатқан жеріміз жоқ»