Жаңа тағайындау
Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Маратұлы Исатаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Рустам Исатаев 1986 жылы туған. “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алды. Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Үкіметте, Сыртқы істер министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарып, Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.