Инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоспар әзірленеді. Оны іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлу көзделіп отыр, деп хабарлайды Akorda.kz.

«Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айы ішінде әлеуметтік жобаларды іске қосу үшін 1,5 триллион теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз: