Президент: Жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру қажет

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономиканы қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Бұл іске Үкіметпен қатар ұлттық компаниялар мен креативті индустрия өкілдері де белсенді қатысуға тиіс, деп хабарлайды Akorda.kz.

«Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс. Бұл – жаңа дәуірдің талаптарына толық сай келетін аса маңызды жалпыұлттық міндет», – деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз: