Ұлттық құндылық — ұрпақ тәрбиесінің өзегі!
Өңірімізде облыс ұстаздары мен Моңғолия, Қырғызстаннан келген ғалымдардың басын қосқан халықаралық тәжірибелік семинар өтті. Жиынның басты тақырыбы – ұлттық дәстүрді сақтау және оны заманауи білім беру жүйесімен ұштастыру. Монғолия мен Қырғызстаннан арнайы келген қонақтарды мектеп оқушылары ерекше ықыласпен қарсы алды. Балалардың тоғызқұмалақ пен асық атуды паш етіп, ұлттық салт-дәстүрімізден шағын көрініс көрсетуі алыстан келген меймандарға ерекше әсер етті. Ал «Ұлттық код және білім беру» деп аталатын бұл халықаралық жиынның басты мақсаты – ұстаздардың тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігін арттыру
ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ
- Жиынға қатысқан моңғолиялық мамандар заман қанша озса да, төл құндылықтарды ұмытпау керектігін айтады. Олардың пікірінше, басты міндет ғасырлар бойы қалыптасқан ата жолын заман ағымына қарай икемдей білу.
ЭНХТУЛГА ДОНДОВ
МОҢҒОЛИЯНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ
- Білім беру саласында қандай жаңа технология шықса да, оны әр елдің өзіне тән ерекшелігі мен менталитетіне қарай бейімдей білуіміз керек. Барлық инновацияны ұлттық құндылықтармен үндестіріп қолданған дұрыс.
Ұйымдастырушылар бұл семинар ұстаздарға үлкен тәжірибе мектебі боларына сенімді. Ал ұлттық құндылықтарды сабақ бағдарламасына енгізу, білім сапасын арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың өз тілі мен тарихына деген құрметін арттыра түспек.