Кәсіпкерлік қарқын алып, өндіріс өркендеп келеді!

Бүгін елімізде Кәсіпкерлер күні аталып өтуде. Өңірімізде  бұл сала, экономиканың негізгі тірегі. Өңірде 150 мыңнан астам кәсіпкер бар, ал инвестициялық қорда триллиондаған теңгенің жобалары жүзеге асып жатыр. Әсіресе Іле ауданы өндірісті өрге сүйреп отыр. Мұнда соңғы үш жылда өнеркәсіп 24 пайызға өсіп, 921 миллиард теңгеден асты. Кәсіби мерекеде осы іске үлес қосқан үздік бизнес өкілдері марапатталды.

Мерекелік шарада зауыт басшылары, ұлттық өнерді дәріптеген шеберлер мен кәсіпкерлер бас қосты. Бірі  «Жылдың үздік қолөнершісі» атанған Жеңісгүл Дәулетова. Тағдырдың тауқыметімен арбаға таңылса да, еңсесін түсірмей, сүйікті ісін табысты бизнеске айналдырған жан. Бүгінде оның қолынан шыққан оюлы тақиялар мен көрпелерге сұраныс жоғары.

ЖЕҢІСГҮЛ ДӘУЛЕТОВА
ҚОЛӨНЕРШІ
- Енді біз шығармашыл адам болғандықтан, әртүрлі бағытта жұмыс жасаймыз. Менің арманым қолөнер орталығын тұрғызып, осы ұлттық құндылығымызды толық дәріптеп біздің елімізді, мәдениетімізді, өнерімізді әрі қарай жалғастыру. 

Жиын барысында қолөнермен қатар, ірі өндірістік жобалар да назардан тыс қалмады. Жалпы төрт номинация бойынша жеті компания үздік шықты. Соның ішінде «Kusto Group» құрамындағы «Kusto Logistics Terminal» «Жылдың үздік инвестициялық жобасы» аталымын жеңіп алды.


АБЛАХАТ КЕБИРОВ
БАС ДИРЕКТОР
- Орталық тәулігіне үш жүк поездына дейін қабылдап, өңдейді. Бұл –логистика үшін өте үлкен көрсеткіш. Салмағы 300 тоннадан асатын мына кран – елдегі ең ірі техникалардың бірі. Ол 450 метрлік рельс бойымен қозғалып, контейнерлерді заманауи технологиямен жылдам өңдейді.


Негізі Іле ауданы, облыстағы басты өнеркәсіптік хаб. Мұндағы өсім өндірілген өнімнен де, тартылған қаржыдан да анық көрінеді. Соңғы үш жылда ауданда өнеркәсіп өндірісі 921 миллиард теңгеге жеткен.


АЛДИЯР НҰРСҰЛТАН
ІЛЕ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
АУДАРМА... 2026 жылдың 9 айында ауданға 231,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өндірістен бөлек, бөлшек және көтерме сауда саласы да жақсы дамып келеді».


Қазір аудан бойынша 47 инвестициялық жоба қолға алынған. Олар толық іске қосылғанда, жергілікті тұрғындар үшін 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ оқыңыз: