10 жылда екі мыңнан астам бала отбасын тапты
Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің құрылғанына 10 жыл! Осыған орай Қонаев қаласында «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мерейтойлық кездесу өтті.
Іс-шара Қамқоршылар күніне де арналған. Осы он жыл ішінде екі мыңнан астам бала отбасында тәрбиелену мүмкіндігіне ие болыпты. Ал мың жарымнан астам жанұяда бала үні естілген. Сондай-ақ, бала тәрбиесі бойынша кеңес беріліп, болашақ ата-аналар арнайы оқытудан өтіпті. Бүгінгі салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен қор өкілдері, бала асырап алуға ниетті отбасылары қатысты. Кездесу барысында бала құқығын қорғауға және әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға үлес қосқан отбасылардың еңбегі ерекше атап өтілді.
АМИНАТ ЖАППУЕВА
«АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛІ
- Бізде біздің агентствомызда бала асырап алатын мектеп бар. Қазір ата-аналар міндетті түрде ол мектептен өту керек. Мектеп өткеннен кейін сертификат алады, сертификат алғаннан кейін ары қарай бүкіл құжаттарын жасап баланы асырап алуға болады. Ол мектеп бізде айтады ғой, баланы асырап алғанда қайтарда оны қайтармасын деп балалар үйіне. Сол мақсатпен осындай мектеп қазір бүкіл Қазақстанда істеп келеді.