«QONAEV CUP–2026» турнирі аяқталды

Қонаев қаласында өткен «Qonaev Cup – 2026» өңіраралық футбол турнирі өз мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан додаға еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысып, екі жас санаты бойынша өзара мықтыны анықтады.

2010–2011 жылы туған футболшылар арасында Түркістан облысының командасы чемпион атанса, Астана футбол мектебі күміс, Қонаев қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі қола жүлдеге ие болды. Ал 2012–2013 жылғы жас санатында «Қайрат» футбол клубы жеңімпаз атанып, «Үшқоңыр» командасы екінші, Астананың «Восток» футбол клубы үшінші орынды иеленді. Жарыс соңында үздік ойыншылар арнайы марапатталып, турнир жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.


НҰРСҰЛТАН ӘБІЛДИНОВ
«ДЖЕЙРАН» КОМАНДАСЫНЫҢ БАПКЕРІ
Алматы қаласынан келіп тұрмыз жарысқа. Дайындығымыз жақсы. Бүгін бірінші ойын таңғы сегізде болды, осы поляда ойнадық бірінші ойынды, результат жаман емес счёт 2:2. Әрине, ұтқымыз келді. Бірақ, ұтысқа жете алмадық. 

Сондай-ақ оқыңыз: