Көшен көрпе
Райымбек ауданының ісмерлері «Арғымақ» жастығын тігуге атсалысып, әлемдік рекордтар кітабына енді. Астанада өткен «Көшен көрпе» этномәдени жобасына мыңнан астам қолөнер шебері қатысты. Олар бір мезетте ұлттық нақыштағы көрпе мен «Арғымақ» жастығын тігіп, бірден екі рекорд орнатты. Жобаға Алматы облысынан қатысқан шеберлер туралы Аяла Ұланқызы толықтырып әңгімелейді.
Райымбек ауданының тұрғыны Тоқтақын Күлпархан 15 жылдан бері тігіншілікпен айналысады. Шебер ұлттық бұйымдармен қатар емдік қасиеті бар қара сабын жасауды да кәсіпке айналдырған. Бұған дейін де осындай халықаралық жобаларға қатысып, екі мәрте әлемдік рекордтар қатарына енген.
КҮЛПАРХАН ТОҚТАҚЫН
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
«Биыл 800 адам қатыстық Өскеменге бардық, барып алтынымызды алдық. Орденді алдық. Биылғы жеткен жетістігіміз сол. Аламан құрақ деп, соншалықты көп әжеер алдымыз 90 артымыз 8 жастан , 80 жастан 8 жасқа дейін қатыстыққой. СКЛ 10 неше жылдан бері қарай өзім әйтеуір зерігіп, мәшине тігіп, ауқат істеп сол құрақ құрап, сөйтіп жүріп соныменен осы Аламан құраққа қатыс дегеннен кейін аламан құраққа қатысып, осындай жақсы жетістікке жетіп жатырмын»
Ал Әсел Болатбекқызы көрпе-жастық тігумен қатар ұлттық киімдер, қыз жасауы мен тойбастар әзірлейді. Үйінің бір бөлмесін шеберханаға айналдырған ісмер әр бұйымын ерекше ықыласпен дайындайды. Оның қолынан шыққан көшен көрпе мен «Арғымақ» жастығы да әлемдік рекордқа енген туындылардың қатарынан орын алды.
ӘСЕЛ БОЛАТБЕКҚЫЗЫ
ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
"Бұл Жерде біздің ең басты мақсатымыз қазақтың ұлттық дәстүрін ары қаратай дамыту, қазіргі замана сай жұмысымызды жасау болатын. Сонымен қатар мен бұл жұмысты өзім 1 көргеннен жаңағыдай рухы көтеретін сондай бір керемет ерекше жұмыс болғандықтан мен бұны алдымда қолыммен жасап шығу мен үшін үлкен арман болды. Мен ол арманымды орындадым. Сонымен қатар маған рекордқа кіріп қана қоймай осы жұмысым маған табыс көзін ашып жатыр. Сондай бір керемет күш жігер береді, керемет көңіл-күй сыйлайды. Жұмыс шыққан сайын мен осы жұмысымнан рахат аламын"
Халықаралық талаптарға сай жүргізілген тексеру нәтижесінде мыңнан аса көрпе мен «Арғымақ» жастығы тігіліп, рекордқа енді. Бұл тарихи жетістікке Райымбек ауданынан қатысқан қос шебер де өз үлестерін қосып, ұлттық қолөнердің мерейін үстем етті.