Баскетбол жарысы

18–19 шілде күндері Талғарда 3ке3 баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтеді. Чемпионатқа облыстың аудан-қалаларынан 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер командалары, сондай-ақ 40 жастан асқан ардагер спортшылар қатысады. Жалпы жарысқа 18 команда қатысады. Финалдық кездесулерден кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және кубоктармен марапатталады. Сонымен қатар, үздік ойыншылар Алматы облысының құрамасына іріктеліп, алдағы республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайды. 

Сондай-ақ оқыңыз: