Қонаев қаласының әкімі «Славян базарының» жеңімпазы Ақерке Амалятты қабылдады

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов халықаралық «Славян базары – Витебск-2026» байқауында І орын алған әнші Ақерке Амалятты қабылдады.

Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен беделді халықаралық байқауда Қонаев қалалық мәдениет үйінің әншісі Ақерке Амалят 19 елдің өнерпаздары қатысқан додада үздік атанып, І орынды иеленді.

Жеңімпазды құттықтаған қала әкімі оған Алғыс хат пен 1 миллион теңгенің сертификатын табыстап, бұл жетістік Қонаев қаласының ғана емес, қазақ өнерінің де халықаралық деңгейдегі абыройын арттырғанын атап өтті.

Салтанатты кездесуге Қонаев қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Горяной қатысып, жас өнерпазға ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу барысында Ақеркенің анасы Гүлнұр Зұлқаршынқызы қолдау көрсеткен Қонаев жұртшылығы мен қала басшылығына алғысын білдірді. Іс-шара соңында ол қала әкіміне өзінің төл туындысын сыйға тартты.

Сондай-ақ оқыңыз: