Әйелдер жарысы

Алматыда 50 жастан асқан әйелдер арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен келген 9 команда қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорт додасы жайында толығырақ тілшіміз тарқатсын. 


Спортқа деген сүйіспеншілікке жас кедергі емес. Бұл пікірді дәл осы жарыс қатысушылары дәлелдеді. Халықаралық волейбол федерациясының ресми ережелеріне сай өткізілген тартысты турнирде қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен тактикалық шеберліктерін көрсетті. «Ардагерлер арасында өткен тартысты бәсеке аға буын өкілдерінің дене шынықтырумен тұрақты айналысуына жағдай жасауға бағытталған»,- дейді мамандар.

ҚАЙРАТ БІРІМЖАНОВ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Бұл бір ерекше жарыс. Бұл жарыс Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп жатыр. Біздің қоғам 2023 жылы ашылған. Содан бері жұмыс жасап жатырмыз. Алматы облысында 300 ден аса спорт ардагері тіркелген. Оның ішінде 100 ге жуығы белсенді спорт ардагерлері. Оның ішінде олимпиадаға қатысқандар, әлем чемпионатына қатысқандар мен оның жүлдегерлері, Қазақстан чемпиондары, спорт шеберлері бар.»

50 жастан асқан ардагер ойыншылар ала допты алақанда иіріп, көпшілікті таң қалдырды. Қимылы ширақ қарттар күн сайын кәсіби деңгейде шынығады. Сондықтанда болар бәсеке тартысқа толы болды.

ЛӘЗЗАТ НҰРМАХАН
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Команданың құрылғанына 3 жыл болды. 3 жылдан бері осы лигада ойнап келе жатырмыз. Яғни 50 жастан асқан әйелдер арасындағы республикалық турнир. Аптасына 3 рет спортзалға барып дайындалып осындай деңгейге жетіп жатырмыз деп ойлаймын. 3 жылдың ішінде жеңісіміз көп.»

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылынан келген «Жамбыл» командасы иеленді. Ал ІІ орынға – Жетісу облысы, Жаркент қаласының «Аман Саламат» спортшылары жайғасса, үздік үштікті  Талғар ауданынан келген құрама түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз: