Артық білім кітапта

3 мыңнан аса оқырман сүйікті кітаптарын тауып оқыды. «Ашық аспан астындағы буккроссинг» атты жазғы кітап сөрелері алматылықтардың жаңаша рухани орталығына айналып отыр. Бірінші маусымнан бастап үш бірдей саябақта өтетін айтулы жоба кімдерді қызықтырды? Тілшімізден тыңдап көрейік. 


Алатаудың етегі руханият пен мәдени бастамалар ордасы екені белгілі. Сондықтан қалада тұрғындардың жайлы һам зияткерлік демалысына бағытталған қоғамдық жобалар еш ақсамауы тиіс. Ал ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Кітап оқитын ұлт қана нағыз интеллектуалды ұлтқа айналады», – деп атап көрсеткен. Сондықтан Алматы қаладық кітапханалар жүйесі «Ашық аспан астындағы кітапхана жобасын» биыл барынша жетілдіріп отыр. 


 АЙДОС БЕКТҰРСЫН 
 АЛМАТЫ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ  
«Атап айтатын болсақ Гнди атындағы, М.Мақатаев атындағы және Қарағайлы саябақтаында қойылған. Маусымның бірінен бастап жұмыс істеп келеді. Осы аралықта бізге үш мыңнан астам оқырман келді. Бір мыңнан астам адам кітап алып кетті. Және бір мыңнан астам адам кітап әкеліп бізге қалдырып кетті берді.»


Кітап - жан азығы. Әсіресе жастардың ой өрісін ұштап, білім көкжиегін кеңейтуде сонымен қатар ізгі қасиеттерді терең сіңіріп, тазалыққа талпындыруда рухани әлемінің алар орны ерек. Алматы қаласының тұрғыны студент бойжеткен Динара Сағатбекқзы да жаны қалаған бір туындыны осы «кітапханадан кездестіргеніне бек қуанулы. 


ДИНАРА БОРАНБАЙ
ОҚЫРМАН
«Кейде бір сыртқа шыққан кезде жаның бір жалғызсырағандай болады. Сол кезде неге үйден кітап алып шықпадым деген ой келеді. Мысалы өзім бүгін Әзілхан Нұршайықовтың шығармалар жинағын кездестірдім. Бұл кісі менің сүйікті авторым болғандықтан осы кітапты өзіммен бірге алып кетіп оқып әкелсем деймін. Тағы үйде оқып болған кітаптарымды осында әкелсем деген де ойым бар»


Айта кетсек үш саябақта орналасқан ашық аспан астындағы кітапханада 200 бен 500 дана арасында түрлі авторлар еңбегі қойылған. Мұндағылар әр күн сайын таңғы сағат 10:00 ден кешкі 17:00 ге дейін қалың оқырман қауымға тегін қызмет көрсетеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: