ТӨРЛЕ, ЖЕҢІМПАЗ!

Қонаев қалалық мәдениет үйінің әншісі Ақерке Амалят Беларусь елінде өткен «Славян базары» халықаралық байқауында І орынды жеңіп алды. 19 елдің үздіктері бақ сынасқан додада отандасымыз 134 ұпай жинап, үздік шықты. 
Ел мерейін үстем еткен өнерпазды Қонаев қаласының әкімі арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Ақеркеге жергілікті «Халық үшін» қорының атынан ақшалай сертификат табыс етілді. Бес жасынан ән айтқан әншінің бұл алғашқы жетістігі емес. Ол осыған дейін Румыния мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда бас жүлде алған. Ал осы «Славян базары» сахнасына шығу үшін 8 жыл бойы үздіксіз өтінім жолдапты. Бұған дейін бұл додада Димаш Құдайберген, Маржан Арапбаева сынды жұлдыздар бақ сынаған. Сонымен қатар, балалар арасындағы кезекті сында 13 жасар отандасымыз Жасмина Түзелова да ІІ дәрежелі диплом иеленді.

АҚЕРКЕ АМАЛЯТ
«СЛАВЯН БАЗАРЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Біздің Қазақстан ең биік дәрежеде жүргендіктен, төменгі дәрежеде өнер көрсетуге болмайды. Бізге барғанда қатысушы ғана емес, жеңімпаз болу үшін жібереді. Шын айтқан кезде, сахнаға шығардың алдында қатты толқыдым. Бірақ та өзімді жинап, өте жоғары деңгейде өнер көрсеттім деп ойлаймын. Қазақстанның туын тағы да көкке желбіретіп, өте қатты қуаныштымын.

Сондай-ақ оқыңыз: