Жамбыл ауданында жаңа спорт орталығы салынады
Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданындағы Көкбастау атшабарының жай-күйімен танысты. Мұнда заманауи ұлттық спорт орталығы салынбақ. Жоба бойынша 10 мың орындық бәйгетөр, қонақ үй, ат қора мен көкпар алаңдары бой көтереді. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа кешен жыл сайын жалға төленетін жүздеген миллион теңгелік шығынды тоқтатады.Сонымен қатар өңір басшысы қырғыз елінде өтетін 6 - шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанатын облыс шабандоздарымен жүздесіп, ақ жол тіледі. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапында Алматы облысынан 14 спортшы бар. Өңіріміздің спортшылары 53 ресми жарыста 85 медаль қоржынға салды.
ЕЛДОС ТІЛЕБАЛДИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«120 спортшы болса 2021 жылы тіркелген, қазір 2025 жылы уже 837 спортшы. Ол ресми бірінші номердегі спортшылар тіркелген. Ал Алматы облысы бойынша екінші, үшінші номердегі спортшылар бар, оларда әлі санмен былай қарасақ, ол қарқынды даму үстінде ұлттық спорт».