Үздік сарбаз анықталды

Қонаев гарнизонында мерзімді әскери қызметтегі үздік сарбаз анықталды. «Асау-2026» жобасының облыстық кезеңі бірнеше ай бұрын басталған. Алғашқы кезеңде төрт мыңға жуық әскери қызметші бақ сынаса, финалға 9 үздік сарбаз ғана өтті. Финалдық кезең алты сынақтан тұрды. Сарбаздар ұлттық спорт түрлерінен, жүзуден және атыстан бап сынады. Сонымен қатар дронды басқару арқылы жерді барлау-бағдарлау қабілеттері тексерілді. Байқауға 18 бен 23 жас аралығындағы әскери қызметшілер қатысты.

ҚУАНЫШ ЗҰЛҚАШЕВ
ҚОНАЕВ ГАРНИЗОНЫ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Асау жобасы -айбынды сарбазды анықтайтын уақыт деген мағынаны білдіреді. «Әр сарбаздың өзі мықты. Біз жарысты түрлі өткіздік.Өйткені ол жерде физикалық дайындық бар. Зияткерлік кезең бар. Жаңа технологияларды игеру бар»

Сайысқа қатысқан сарбаздар шапшаңдық пен ептілігін, мергендік пен шұғыл шешім қабылдау қабілетін байқатты. Финалға шыққан тоғыз сарбаздың әрқайсысы өз әскери бөлімінің намысын қорғады. Нәтижесінде бас жүлде Мұрат Бақтұрға бұйырды. №26363 әскери бөлімінің сарбазы жеңімпаз атанып, он күндік демалысқа шықты.


МҰРАТ БАҚТҰР
"ASAU-2026" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 
«Жүзу сайысынан өзім басым болдым. Өйткені Алакөл тумасы көлде жүрген баламыз ғой өзіміз.Содан басып озып шықтық.Былай қиын болғаны челендж , кедергілер жолағы қиынырақ болды басқа сайыстарға қарағанда.Бірақ жақсы жүлделі орын алдық» 

Күш қайрат пен батылдықтың белгісі болған “Асау” әскери жарысының  өңірлік жеңімпаздары  енді республикалық сайысқа қатысады. 

Сондай-ақ оқыңыз: