Спорттық дода

Ұйғыр ауданында Алматы облысының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы қызметкерлері арасында облыстық спартакиаданың екінші кезеңі өтті. Спорттық додаға өңірдің 8 ауданынан 170 әуесқой спортшы жиналып, командалық және ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.  Жарысқа қатысушылар волейбол мен  баскетбол ойнап, қол күрестіріп, арқан тартысады. Спортшылар  әр сайыста командалық рух пен шеберліктерін көрсетуге тырысады. «Мақсатымыз аймақтарда бұқаралық спорт түрлерін дамыту» дейді ұйымдастырушылар.


ЕРЛАН ТӨКЕН 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Бұл бастама 2025 жылы Алматы облысы әкімдігі және спорт басқармасының қолдауымен Балқаш ауданында Бақанас ауылында жоғары деңгейде өткен. Бұл спартакияданың мақсаты мекемелер арасындағы қарым қатынасты нығайту, өз ара тәжірибе алмасу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізілуде»

Жарыс алаңындағы тартысты бәсеке әр команданың жеңіске деген жігерін айқын аңғартады. Әсіресе командалық ойындарда  ұйымшылдық пен өзара қолдауы өте  маңызды. Ал ардагер ойыншылар үшін бұл дода — спорттағы тәжірибені кейінгі буынға үлгі етудің мүмкіндігі.

ГАЙДАР МҰҚАНҚОЖАЕВ
СПОРТ АРДАГЕРІ 
«Бүгінгі жарысқа қатысушылар бәрі жоғары деңгейдегі дайындықпен келген. Жақсы ойын өрнектерін көрсетіп жатыр. “Дені сау адам - табиғаттың ең үлкен жеңісі”- дейді, сондықтан әрқайсысына бүгінгі жарыстарда, сәттілік, жақсы ойын өрнегін көрсетуді сұраған болар едім. Сонымен қатар тәрбиелеп отырған шәкірттер, әр ауданда бұқаралвқ спортты дамытуға қосқан үлестері үшін және дамыту үшін осы біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.

Жарыстың қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталады. Бас жүлде иегеріне 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың , үшінші орынға 100 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылған. Облыстық спартакиада  сала мамандарының кәсіби тәжірибесін шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануға серпін беретін маңызды спорттық шараға айналды. 

Сондай-ақ оқыңыз: