Қапез жайлы тың дерек

«Үш Меркі», «Ай-хай», «Дүние-ай» әндерінің авторы, ақын, әнші-композитор, ағартушы-ұстаз Қапез Байғабылұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты архивтік құжаттар алғаш рет көпшілікке ұсынылды. Сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбаны Қапез Байғабылұлының туғанына биыл 130 жыл. Осыған орай  Орталық мемлекеттік архивінде арнайы көрме ұйымдастырылды. Алматы облыстық мұрағатында 1921 жылдан бері сақталған құжаттар оның Бірліксүмбе, Ақтоғай, Жалағаш мектептерінде ұстаздық еткенін айғақтайды. Ол елдің білім беру ісіндегі мәселелерге де белсенді араласып, тұрмыстық әрі әлеуметтік тақырыптарды «Тілші» газетінде көтеріп отырған. Халық жадында әндерімен сақталған Қапез мұрасы архив құжаттары арқылы қайта жаңғырып, ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін толықтыра түсті. Ел ағалары мен тіл жанашырлары, ғалымдар Қапез Байғабылұлының өр тұлғасын еске алып, тың деректермен бөлісті.

РАШИД ОРАЗОВ 
ҚР ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ 
«Бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде сақталған ол кісінің тергеу материалдары алғаш көрмеге қойылып отыр. Бұл кісінің 1937 жылы халық жауы деп ұсталғаннан кейін Кеген ауданы орталығында бұл кісінің үйіне тінту жүргізген жөніндегі берілген ордер. Сонымен қатар өзінің сақтаған құжаттарының бәрін кәмпістігі алынғандығы. Соның ішінде тек қана бұл кісінің кәсіподақ комитетіне мүше болған төлқұжаты суретімен сақталған.»

Сондай-ақ оқыңыз: