Кітап - рухани қазына

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған «KітапТайм» республикалық фестивалі Райымбек ауданында да жалғасын тапты. Аудандық кітапхана мен Нарынқол балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шара «Кітап – тарих, шежіре» тақырыбына арналды. Фестиваль барысында кітап көрмесі қатар, әдеби шығармалар желісіндегі картиналар, креативті инсталляциялар мен танымдық ойындар көпшілік назарына ұсынылды. Балалар «Сырлы кілт» ойынына қатысып, пазл құрастырды, шығармаларды суреттер арқылы таныды. Әсіресе «Кітап оқитын ұлт» идеясын бейнелейтін пазл қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

ЛӘЗЗАТ КУЛИПАЕВА
КІТАПХАНАШЫ
“Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың кітап оқитын зерделі ұлтқа айналуымыз керек атты жобасы аясында,  бүгін Республика кітапханаларында KITAP TIME фестивальі өткізілуде. Осындай шаралар аясында біз жастарды кітапқа балуға тиіспіз сонда ғана оқитын ұлтқа айналамыз.Кітапхана мемлекетіміздің рухани ордасы.”

Фестиваль аясында «Менің сүйікті кітабым» аудандық эссе байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Бас жүлдеге Қақпақ ауылдық кітапханасының оқырманы Әбілаханқызы Нұрай лайық деп танылды. Сонымен қатар І, ІІ және ІІІ орын иегерлеріне арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Шарада «Кітапханаға кітап сыйлайық» акциясы да ұйымдастырылып, кітапсүйер қауым аудандық кітапхана қорына жаңа әдебиеттер тарту етті. Ал Стыбековтердің жанұясы «Кітапқұмар отбасы» номинациясымен марапатталды. 

ШОЛПАН ДОСТАРБЕКОВА
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
“Кітап оқитын ұлт жобасы аясында біз Кітапқұмар отбасы атты бүгінгі марапатты жеңіп алдық. Аудандық кітапхана ұжымына үлкен алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта отбасымызбен кітап оқуды үрдіске айналдырдық. Бұл кітап оқу біздің отбасымызда рухани байланысты қалыптастыруда үлкен өзінің көмегін тигізді. Отбасының тірегі, алтын ұясы бұл тәрбие болса, сол тәрбиенің алтын қазынасы кітап деп ойлаймын.”

Бүгінде Райымбек ауданындағы кітапханалардың тұрақты оқырман саны 9 мың адамнан асады. Ал кітапхана қорында 134 мыңға жуық кітап бар. Бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының рухани білімге, көркем әдебиетке деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартады.

Сондай-ақ оқыңыз: