Күзгі бақ берекесі

Талғар ауданында “Бақ күні” өтті. Ғалымдар жеміс-жидек пен көкөністің жоғары сұрыптарын таныстырып, олардың күтімі мен баптау ерекшеліктерін көрсетті. Басқосуда отандық өнімді көбейту мен ұлттық бренд қалыптастыру мәселесі де сөз болды. 

МЕЙРАМБЕК АУХАТ
ТІЛШІ 
«Алматы десе — алманы елестетеміз. Ал мына алмада қаншама күтім бар екенін көруге болады. Тұқымнан басталған жол көшетке көшеттен жеміске ұласады. Әрі бұл жерде алма ғана емес, түрлі жеміс-жидек пен көкөністің де өнімге дейінгі жолы көрсетіліп жатыр. 

Бақ ішіндегі әрбір сұрыптың өз күтімі бар. Ғалымдар өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды қолданып, Қазақстан жағдайына бейімделген сорттарды көбейтуді көздейді. Ал көпшілікке жақсы таныс апорттың өзі мұнда ерекше назарда. Оның салмағы 300-ден 500 грамға дейін жетеді. 

САҒИ САЙРАНҰЛЫ 
ҚАЗАҚ ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ ТАЛҒАР АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Апорт алмасының ең жақсы тамыры  "сиверс" алмасы болып саналады. Бір алманың салмағы 300-500г арасында дәмі, иісі, түрі бәрі сақталған. Енді апорт алмасы әрине Қазақстанның барлық жерінде өсе бермейді, өзінің орны бар өсетін осы Алматы облысы, қаласы Жетісу облысы болып саналады. Теңіз деңгейінен 800-1400м аралықта апорт алмасы өзін жақсы көрсетеді»

Сапалы өнім алу үшін тек сорттың түрі жеткіліксіз. Ол үшін тұрақты күтім, дұрыс суару және агротехникалық тәсілдерді сақтау қажет. Мұндағы жұмыс нәтижесі бақ ішінде ұйымдастырылған көрме көрсетілді. Әртүрлі жеміс-жидек пен көкөністің таңдаулы сұрыптары көпшілік назарына ұсынылды.

ТЕМІРЖАН АЙТБАЕВ  
ҚАЗАҚ ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ ИНСТИТУТЫНЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ 
«Бұл жерде бақ шаруашылығымен айналысатын фермерлерге институттың ғылыми жетістіктерін көрсету яғни жаңа сорттарды жеміс дақылдарының, жүзім дақылдарының, жидек дақылдарының сорттарын көрсету олардың өсу технологиясы көшет шаруашылығы сонымен қатар мына қазір 3-жыл болды ғылыми бағдарлама апорт жобасы бойынша ғылыми бағдарлама жүргізіп жатырмыз»

Қазақстанның әйгілі алмасын сақтап, оны кеңінен насихаттау және көбейту бағытындағы жұмыс жалғасып келеді. Бұл ретте заманауи ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялардың маңызы зор. 

Сондай-ақ оқыңыз: