«Жасмин мен Балу» фильмі

Алматыда жаңа отандық драманың жабық көрсетілімі өтті. «Moonlight Pictures» продюсерлік компаниясының «Жасмин мен Балу» фильмі — кездейсоқ кездесудің екі адамның тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды. Көрерменге ерекше әсер сыйлаған  картина жайлы тілші материалында. Оқиға полициядан қашқан байкер Балу мен ауыр дертке шалдыққан Жасминнің кездейсоқ кездесуінен басталады. Балу ауруханада жатқан қыздың палатасына тығылады. Ал Жасмин оны полициядан жасырып қалады. Бірақ оның бір ғана шарты бар — Балу қыз ұйықтап қалғанша жанында болуы керек. Осылайша екі түрлі тағдыр тоғысады.

ЛЕЙЛА ТІЛЕСБАЙ
ЖАС АКТРИСА 
“Жасмин ол мен үшін өте жақсы кейіпкер және де ол ауру болған да операция істеп жазылған. Жасминді орындау өте қиын болды өйткені шын өмірде мен белсендімін, ал ол жақта өте позитивсіз және жай қимылдайды”

Фильмнің көрсетіліміне түсірілім тобы, актерлер, кино мен эстрада өкілдері қатысты. Басты рөлдерді — Олжас Әлжанов, Лейла Тілесбай және Нұрай Жеткерген ойнады. Картинада мейірім, достық, жауапкершілік сынды қасиеттер көрсетіледі. 

НҰРЖАН ЕРКІНҰЛЫ 
СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ 
“Біз фильмге әртүрлі ой салуға тырыстық. Мысалға біз бір картинаны көргенде әртүрлі ой келеді ғой: жауапкершілік жайлы, достық жайлы, енді көрермен көріп өзі айта жатар қай тақырып жақсырақ ашылғанын”.

«Жасмин мен Балу» — өмірдің күрделі сәтінде бір-біріне тірек болған екі адамның оқиғасы. Фильм көрерменді  адамгершілік пен өмірдің құндылығын ойлауға жетелейді. Картина 17 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды. 

Сондай-ақ оқыңыз: