Ана рухына тағзым

Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінің жанынан мүсіндер саябағы ашылды. Мұнда қашалған тас мүсіндер қазақ аналарының қадір-қасиеті мен ғасырлардан жалғасқан өнегесін дәріптеуге арналған. Анаға құрмет музейінде ақжаулықты ана рухын асқақтататып, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағы бір тағылымды шара өтті. Яғни саябақтағы ашық аспан асытына Ұмай анадан бастап Домалақ анаға дейінгі қазақ аналарының қадірін асырып, қаиетін дәріптеген, өнегесін өріп, ұлағатын ұлықтаған 25 тас мүсін жұрт назарына ұсынылды. 

ГҮЛНАР ӘБІШ
АНАҒА ҚҰРМЕТ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Саябақтың ішінде 25 скульптура мүсін тапсырылды. Кейбір мүсіншілер екі жұмыстан өткізді. Кіре берісте бірінші бастап тұрған Ұмай анамыздың мүсіні, Биесімен Түйесімен бәрі бар. Осы жердегі мүміндер барлығы ана тақырыбына арналған. Саябақтың аумағы 2 гектар болады. Болашақта арманымыз жер бетіндегі ең әдемі өсімдіктен бір бір тал болса да осында әкеліп отырғызсақ дейміз.»

Бұл мүсін қашалған тастар Каспийдің жағасынан қалап алынған, Ақтаудың ақтасы. Өнер академиясының президенті, әйгілі мүсінші Амандос Ақанаев бас болған шығармашылық шараға отандық және шетелдік мүсіншілер атсалысыпты.

ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
ТІЛШІ
«Бұл қазақ қызының қастерлі бас киімі, ұзатылудан бұрын киетін сәукелесі. Мұнда бас киімде болуға тиіс ұлттық нақыштардың барлығы дерлік қамтылған. Ал бұл сәукеленің көшірме нұсқалары Америкадағы, Мәскеудегі және Алматыдағы орталық музейде үш нұсқасы сақталып тұр. Дәл осы құнды жәдігерді әйгілі мүсінші Амандос Ақанай осы саябаққа 6 метір биіктікте етіп, өзінің қолтаңбасымен қашап қалдырып отыр»

Мүсіншілер бұл жұмыстарына мүлде ақы сұраматы. Себебі қазақ аналарының қадірін асыруды перзенттік борыш санаса керек. Ал бұл «Ұлы Ана» мүсіндері саябағы– ана бейнесін ұлттық дүниетаным мен тарихи жады және рухани сабақтастық тұрғысынан әйгілеген әлемдегі жалғыз саябақ дейді жиынға қатысушылар.

ЖАНҰЗАҚ МҮСӘПІР
СУРЕТШІ
«Талай мемлекетті араладым. Әлемнің 30 елінде көрме өткізген адаммын. Қанша музейге барып дүние жүзін араладым десем де болады. Сондай мұндай дүниені ешқашан көрген жоқпын. Бұл тек қазақ халқының ғана анаға деген сүйіспеншілігі ерекше тереңде екенін көрсететін үлкен алаң деп ойлаймын.»

Бұл күні анаға құрмет музейінің бірінші қабатында даналық пен аналық қасиеттің мәңгілік симолына айналған - «Домалақ анаға» да арнайы бұрыш ашылды. Мұнда әйгілі дала биі Бәйдібек бидің жары болған Домалақ ана, яғни Нұриланың өнегелі өмір жолы мен даналық тағылымы көрсетілген.

АЯЖАН ҚАЙРАТҚЫЗЫ
ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ
«Домалақ ананың экспозициясына біз ат әбзелдерін сынымен қатар торсық, белдік, кимешек деген секілді тарихи жәдігерлерді орналастырдық. Себебі бұның бәрі сол кезеңдегі тұрмыс тіршіліктен сыр шертеді.»

Айта кетсек, «Анаға құрмет» музей қоры елге танымал тұлғаларды тәрбиелеп баулыған асыл аналардың да жеке заттарымен толығуда. 

Сондай-ақ оқыңыз: