Қараш би - 200 жыл
Еңбекшіқазақ ауданында ел бірлігі мен әділдіктің символына айналған Қараш бидің туғанына 200 жыл толуына арналған мерейтой өтті. Тағылымды шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан арнайы қонақтар жиналды. Мерейтой – тарихи тұлғаның өнегесін ұлықтап, рухани мұраны кеңінен танытуға арналған ауқымды басқосуға ұласты. Тарихы терең, тағылымы мол той туралы тілшіміз Мейрамбек Аухат тарқатады.
МЕЙРАМБЕК АУХАТ
ТІЛШІ
«Ел бірлігін бекемдеп, әділдігімен ел жадында қалған Қараш би Теңізбайұлының туғанына биыл 200 жыл. Екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, оның ел басқарудағы өнегесі мен ұрпаққа қалдырған аманаты маңызын жойған жоқ. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында тарихи тұлғаның мерейтойы аталып өтіп, есімі қайта ұлықталуда»
Мерекелік шара барысында қазақ халқының ұлттық дәстүрлері кеңінен дәріптелді. Арнайы тігілген киіз үйлер мерекенің сәнін келтіріп, келушілерге ұлттық мәдениетіміздің ерекшелігін танытты. Қонақтарға арнайы ас беріліп, ұлттық тағамдар ұсынылды. Концерттегі ән мен күй, дәстүрлі өнер үлгілері көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
ЕЛЕУСІЗ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
«Осы қуанышымызға біздің мынау Қарғыз мемлекетінен, Өзбек мемлекетінен осындағы барлық жұртшылық келіп отыр. Мына Қараш бабамыздың өзі алғаш 185 жылдығын өткізіп едік сондағы өткізген мақсатымыз осы жерде тұрған мынау кесененің тұрған орны сол кісінің бұрынғы өзінің кесенесінің орны екен»
Мерейтой аясында «Қараш би – Қаңлы өркениетінің өркендері» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Жиынға тарихшылар, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.Және де ардагер тарихшылырға сый көрсетіліп шапан жабылды.
МАРАТ ТОҚАШБАЕВ
ЖАЗУШЫ
«Қараш би бабамыз ол қазіргі Түрген елді мекенінде сол жердегі ең үлкен "Төбе би"болған адам екен. Сол жерде халыққа өзінің әділдігіменен мәселелерді шешудегі, оларға көмектесудегі өзінің тапқырлығымен және әділдігімен ерекше көзге түскен.»
Тарихи тағылымға толы мерейтойда ұлттық ойындар мен спорттық сайыстарға өтіп, әр ауданның мықты палуандар бап сынады. Білекті жігіттер ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Жүлделі орын алғаға арнайы белбеулер берілді. Ал сахнадағы ән мен күй, өнерпаздардың концерттік бағдарламасы мерекенің сәнін келтірді.