Тіл – ұлттың жаны

Салт дәстүр дәріптеліп, ұлттық ғұрып ұлықталды. Қаскелеңдегі Саяділ Керімбеков атындағы орта мектепте Тіл мерекесі он күндігі аясында «Тіл -ұлттың жаны» атты рухани іс-шара ұйымдастырылды. Оған белгілі қаламгер Нұрдәулет Ақыш қатысып, оқушылардың тіл мен әдебиетке қатысты сұрақтарына жауап берді. Білім шаңырағына келген қонақтар әуелі стадион аумағында ұйымдастырылған көрмемен танысты. Мұнда баланы бесікке салудан бастап, тұсаукерге дейін, әрі жүн түтіп ою ойып, сырмақ тігу сондай ұлттық тағам әзірлеу сынды бабадан қалған ескі ғұрыптар нәсихатталды. Әрі асық тау, тоғызқұмлақ, арқан тартыс сынды ұлттық ойындардың да көрігі қызды.   

ГҮЛДАРИЯ ӘБІЛҚАЗИЕВА 
С.КЕРІМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Шашты қалай өру керек кейбір қыздарымыз біле бермейді. Ұршық иіру, жүн түтуді де кей аблаларымыз тұңғыш көруде. Олардың бәрі қазір ұмыт болып барады. Біздің ойымыз осыларды дәріптеу. Міне өзіміздің бір ұстазымыз өзінің кішкене баласын осында алып келіп тұсауын кесті. Міне сондай ұлттық дәстүрлерді көрсетіп жатырмыз»

Игі шара одан ары белгілі жазушы Нұрдәулет Ақышпен кездесуге ұласты. Мұнда оқушылар қаламгердің оқулыққа енген «Нағыз әже қайда» шығармасын жан жақты талқылады. Әрі авторға көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

НҰРДӘУЛЕТ АҚЫШ
 ЖАЗУШЫ
«Осы мектеп оқушылардың тілдік құндылыққа деген ынталарының өте жақсы екенін байқадым. Сонымен қатар менің шығармам бойынша көптеген сұрақтар қойды. Мұндада менің өзім байқамаған кейбір құндылықтарды тауып алыпты. Сондықтан да жастарға риза болып отырмын»

СМЕТ МАҚСАТҰЛЫ  
ОҚУШЫ
«Қазіргі таңда әжелерімізден ертегі аңыз әңгіме айтқанды көп байқай бермейміз. Ал бұрынғы кезде аблалар әжесінің ертегісімен өскен. Сондықтан «нағыз әже» шығармасының негізгі идеиясы ұлттық тәрбиені дәріптеп, тілді құрметтуге шақыру деп ойлаймын»

Игі шара аясында ұстаздар ұлттық дәстүрді дәріптеп, тіл мәртебісін көтеру бойынша әр сыныпта сынып сағаттарын да өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: