Чемпион бала
Кореядан жеткен жылы хабар. Облысымыздың 11 жасар спортшысы Елсияр Нұрымов Сеулде өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында ерекше нәтиже көрсетті. Ол жарыста 2 алтын және 1 күміс жүлдеге қол жеткізіп, елдің даңқын асырды. Елге үлкен жеңіспен оралған Елсияр Нұрымовты өзі оқитын Іргелі ауылындағы «Nomad International» мектебі ұжымы ереше салтанатпен қарсы алды. 6 сынып оқитын Елсиярдың бұл жетістігі, мектепке де мақтаныш болды. Әрі өзі қарайлас шәкірттерге де үлкен жетістікке жетуге деген ішкі сенім мен шынайы шабыт сыйлайды дейді ұстаздары.
КӨЛБАЙ ӨМЕШБАЕВ
«NOMAD INTERNATIONAL» МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
"Қарап отырсаң үш жылдың ішінде қанша медальдарымен марапаттау қағаздары бар. Оның артында қара тер менкөп еңбек жатыр. Ол әр қайсы балаға әсер етеді. Оқушыларға үлкен шабыт береді."
Бұл жолы Елсияр Корея Республикасының Сеул қаласында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатына қатысты. 19 елден спортшылар бақ сынаған бәсекеде үш бірдей дисциплинада сынға түсіп, нәтижесінде екі алтын және бір күміс медаль иелеп, ел абыройын асқақтатты. Мұндай сәтт әуелі баланың бабын келтіріп, тілеуін тілеп қасынан қалмай жүрген анасының қуанышында шек болмапты.
ТОЛҚЫН ҚАНАҒАТ
АНАСЫ
"9 Азиялық чемпионат джиу-джитсудан өтіп, үш дисциплинаға заявка бердік. Екі алтын алдық. Біздің туымызды көтеріп шыққан кезде жыладық. Бәрі видео суретке түсіріп жатыр. Өте қуанышты болдық. Біз бір жарысты, бір тренировканы жіберіп көрген емеспіз. Мен көпбалалы ана болсамда басқасын тастап, осы баламен бүкіл Қазақстанды аралап шықтық."
Елсияр әмбебап спортшы. Ол еркін күрес, аралас жекпе-жек, джиу-джитсу, тхэквондо, карате сынды бес бірдей спорт түрімен айналысады. Өзгені айтпағанда Каратеге екі ай қатысып, азия чемпиянатында күміс жүлдегер атануынан ақ оның қандай талантты спортшы екенін аңғару қиын емес. ол спортзал табалдырығын аттаған үш жыл ішінде бірнеше мәрте республика чемпионы сондай ақ халқаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Ал алдағы арманы олимпияда чемпионы атану.
ЕЛСИЯР НҰРЫМОВ
ЖЕҢІМПАЗ
"Маған негізі барлық спорт түрлері ұнайды. Өйткені олар әдіс тәсілге келгенде бірін бірі толықтырап көмектесіп тұрады. Бұл реткі жарысқа да Қазақстан құрамасынан 24 спортшы бардық. Енді осы жарыста осындай үлкен нәтиже көрсеткеніме өте қуаныштымын. Енді алдағы арманым олимпиада шыңын бағындыру және аралас жекпе жектен әлем чемпионы болсам деймін."
Дарынды оқушы, жеңімпаз спортшы Елсияр Нұрымовтың алда тағы талай додада көк туымызды көкте желбіретеріне ұстаздарының сенімі бекем.