Үздік сынып жетекші
Талғар ауданында Алматы облысының «Үздік сынып жетекшісі» облыстық байқауы өтті. Әр ауданнан он бір білікті ұстаз келіп, бір алаңда тәжірибе алмасты. Байқау барысында қатысушылардың кәсіби білімі мен педогогикалық шеберлігі сынға түсті. Технология төрге шыққан дәуірде бала тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Дей тұрғанмен, «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген Әл-Фарибидің нақыл сөзі қашан да өзекті. Осы екі мәселенің төңірегінде ұстаздар төрт кезеңнен тұратын байқауда өзара бақ сынады.Ұйғыр ауданынан келген Айерке Сайран кәсіби жолын журналистикадан бастағанымен, мұғалімдікті таңдады. Биыл сынып жетекшісі болғанына төртінші жыл.
АЙЕРКЕ САЙРАН
ҰСТАЗ
«Біздің ауыл шағын кішкентай ғана ауыл. Сол ауылда оқушыларымның бойынан талантты көре бастадым. Мен соларды ұштап, мектептегі шағын көріністерге қатыстырып, жарыстарға қатысып жүлделі орын алдық. Кейін келе біз ортақ ойға келдік. Мен бұл мектеп бойынша балаларды жай қалдырмауым керек. Осы адал азамат, біртұтас тәрбиесі бағд. Негізінде мектеп театры деген бағыты бар. Сол бағыт бойынша роднойлар деп театр ашып, өзіміз шығып шығармашылық кешімізді қоямыз.»
Таныстыру кезеңінде ұстаздар жасанды интеллектіні меңгергені байқалады. Сондай-ақ баланың шығармашылық дағдысын қалыптастыратын заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру қабілеті де сыналды.
АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ
«Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі қатар жүреді. Алайда екі тараптың байланысы әлсіреген жағдайда, бұл міндеттің салмағы көбіне ұстазға түседі. Сынып жетекші оқушының оқу үлгерімінен бөлек, цифрлық ортадағы қауіпсіздігін, сыныптағы қарым-қатынасы, тәртібі, қызығушылығын да бақылап отырады. Сондықтан мұғалімдерге қойылатын талап та жыл сайын артып келеді.»
ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Мұғалімдердің қазіргі мына заман талабына сай бірінші кезекте «Адал азамат -біртұтас тәрбие» бағдарламасын тәрбие процесіне кіріктіру, соынмен қатар жасанды интелектіні кіріктіру, одан кейін қазіргі кезде Адал еңбек беріліп тұр. Осы бағыттарды негізге ала отырып, бүгінгі конкурты ұйымдастырып отырмыз. СКЛ. Сынып жетекшілердің әлеуетін көтеру болып отыр бірінші кезекте.»
Алматы облысындағы 497 мемлекеттік және 50 жеке меншік мектеп бар. Оларда 380 мыңнан астам оқушы білім алады. Білім саласында 35 мың педагог жұмыс істейді. «Ал осы байқаудың жеңімпаздары ақшалай сыйылықтармен марапатталады» дейді ұымдастырушылар.