Алаштың ақиқаты

Биыл ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының жарық көргеніне 105 жыл. Осыған орай Ұлттық кітапханада «Замана мінбері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында басылымның өнегелі тарихы мен журналда еңбек еткен белгілі тұлғалардың шығармашылық мұрасы сөз болды. «Ақиқат» журналы 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» атауымен жарық көрген. Әр жылдары басылымды Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов пен Ораз Жандосов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері басқарды. Ғасырдан астам уақыт бойы журнал елдің қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өмірін тұрақты түрде жазып, қазақ баспасөзінің қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Мерейтойлық шара аясында «Алаштың «Ақиқаты» атты кітаптың тұсаукесері болды. Жинақта журналдың тарихы, алғашқы басшылары мен белгілі авторлары туралы деректер қамтылған. Сондай-ақ «Алаш» қозғалысы өкілдерінің қызметі мен басылым беттерінде жарияланған материалдарға қатысты мұрағаттық мәліметтер ұсынылған.

ДӘУІРЖАН ТӨЛЕБАЕВ
«АҚИҚАТ» ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ 
«Біз дәстүр сабақтастығын сақтап отырған басылымбыз. Ағаларымыздың қалыптастырып кеткен жолын әрі қарай жалғастырып, және де бүгінгі заман талаптарына сай тақырыптарды да біз көтеріп отырмыз. Сонымен қатар, Ақиқат журналы тек қағаздағы басылым емес. Әлеуметтік желідегі парақшаларымызды мультимедиялық кеңістікте өзіміздің кеңістігімізді қалыптастыру бағытында да көптеген көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.» 

Сондай-ақ оқыңыз: