Деректі фильмдер көрсетілді

Бүгін Қонаев қаласында ҚР Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай үздік деректі фильмдер киноапталығы басталды. Мәдени-ағартушылық жоба аясында, көрермендерге еліміздің таңдаулы туындылары ұсынылды. Көрермен «Арал» фильмін тамашалады. Онда жаһандық экология мәселесі қарапайым қарт кісінің өмірі арқылы баяндалады. Саналы ғұмырын теңіз жағасында өткізіп, аралдың ахуалын көрген куәгердің тағдыры залға жиылғандарды бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ «Трэвэл Қазақстан» туындысы еліміздің туристік әлеуеті туралы мол ақпарат береді. Ал ертең «Серт» және «Тамшы» фильмдері көрсетіледі. Апталық Қонаев қаласының «Шағала» кинотеатрында өтуде. 

ІҢКӘР ТҰРСЫНБАЙ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мына фильмнен кейін шынымды айтайын, кішкене көңіліме тиді, көңілім босады десем де болады. Себебі қарт кісі Арал теңізі туралы және де басынан бастап соңына дейін осы жерде өмірін өткізгені өте бір жүрекке тиетіндей әсерлі»

ЖАДЫРА ЖАНАРБЕК
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Бұл фильмдер арқылы әлемге бұның өзектілігін көрсетіп жатыр деп ойлаймын. Себебі теңіздің тартылуы, судың тартылуы және де әлемдік жылу бұның барлығы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге өте өзекті болып табылады»

Сондай-ақ оқыңыз: