Қазақстанда дрифттен Орталық Азия кубогы өтеді
Қазақстанда алғаш рет дрифттен Орталық Азия кубогы өтеді. Халықаралық дода 25–27 қыркүйек аралығында Алматы облысы Іле ауданындағы «Сокол» спорттық-туристік кешенінде ұйымдастырылады. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жаһандық деңгейдегі жарыстарға жолдама алады. Дүбірлі додаға алты елден 30-дан астам пилот қатысады. Қазақстан намысын 17 отандық шабандоз қорғайды. Жарыстың ережесін Дүниежүзілік автоспорт кеңесі бекітті. Турнир бағдарламасына жаттығу кезеңі, іріктеу сайыстары және жұптық жарыстар кіреді
ЭМИЛЬ НҰРБЕКОВ
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АВТОМОТОСПОРТ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
- Орталық Азияда осындай ауқымды шараны өткізуге лайықты жалғыз алаң осы Алматы облысында орналасқан. Мұнда барлық халықаралық талаптарға сай дрифт жарыстары өтеді. Жарысқа машиналар DC1 санаты бойынша, яғни ең жоғарғы, топтық деңгейде дайындалған көліктер ғана қатысуға рұқсат алады.