Қазақстан альпинизміне 100 жылға жуық. Тарих сыр шертеді
Алматы музейінде қала альпинизмінің тарихына арналған «Аспанмен астасқан шыңдар» атты көрме ашылды. Экспозицияда таулы туризмнің қалыптасуы мен даму тарихын баяндайтын архивтік құжаттар, фотосуреттер, сондай-ақ альпинистердің жеке заттары қойылған. Атап айтқанда, 1930 жылдардан бастау алған альпинистік қозғалыс, Кеңес дәуіріндегі тау спортының дамуы, Қазақстандағы алғашқы альпинист әйелдер мен қазіргі спортшылардың жетістіктері ұсынылды. Бұдан бөлек, келушілер назарына тау шыңын бағындыру кезінде пайдаланылған жабдықтар да көрсетілді.
АНАР БУРАШЕВА
ЭВЕРЕСТ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН СПОРТШЫ
«Біздің қазақ альпинизм мектебінің кеңестік кезеңде Тұйықсуда қалыптасқанын көпшілік біледі. Осы мектептен түлеп ұшып, биік шыңдарды бағындырған спортшылар көп. Сондықтан кейінгі ұрпаққа алдыңғы буынның жетістіктерін таныстыру қажет деп ойлаймын. Ұрпақтар сабақтастығы үзілмеуі тиіс.»