Инвестициялық серіктестік
Алматы облысы Таиланд Корольдігімен экономикалық байланысын нығайтып келеді. Өңірге ресми сапармен Таиланд Корольдігінің бизнес-делегациясы келді. Сапар аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы болды. Форум екі елдің мемлекеттік органдары мен кәсіпкерлері арасында тікелей диалог орнатуға, жаңа іскерлік байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік берді. Кездесу барысында Алматы облысының инвестициялық әлеуеті, өнеркәсібі, туризм саласындағы жобалар сөз болды
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Таиланд Корольдігі арасындағы тауар айналымы 15 миллион АҚШ доллары болды. Сапар барысында қонақтарға облыстың инвестициялық мүмкіндіктері, Қонаев қаласы, «Алатау» халықаралық жобасы, сондай-ақ туризм мен агроөнеркәсіп кешеніндегі перспективалы бағыттар таныстырылды.
Сондай-ақ, облысының әкімі Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасы Давлатали Саид бастаған делегациямен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтужөнінде сөйлесті. Кездесу Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Алматы облысында тәжік капиталының қатысуымен жеті кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы өзара тауар айналымы 10 пайызға өсіп, 60 миллион АҚШ долларына жеткен.